"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Б. АТАМҚҰЛОВ: «ӨСІМ БОЙЫНША ОБЛЫСЫМЫЗ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА»

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2016 12:01

 

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Елбасы Н.Назарбаевтың жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді.

Мемлекеттік бағдарламалардың өңірімізде іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың барысын баяндаған облыс әкімі аймақтағы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен мәдениет, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудағы жұмыстарға тоқталды. 

 

 

Халық қалаулыларымен болған есепті кездесуде аймақ басшысы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасының өңірлерді дамыту бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы шеңберінде стратегиялық бағыттардың айқындалғанын жеткізіп, осы міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты.

Облыс әкімі өңірде І жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығының өнім көлемі 123 млрд. теңгені құрап, 2 пайызға артқанын айтып өтті. Ал егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құраған. 

 

 

Есепті кездесуде мәлім болғандай аграрлы аймақтың шаруалары осы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жинаған. Сондай-ақ, облыста алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді құрап, рекордтық өнім алынып отыр.

Жиында аймақ басшысы тамшылатып суғару әдісі қосымша алты мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға, ал жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жеткенін айтты. Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша жылыжайлардың 87% Оңтүстік үлесінде. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Өңір басшысы сонымен қатар, жұмысы жолға қойылған Шымкент пен Кентау, Түркістан мен Созақ, Түлкібас, Мақтарал және Қазығұрттағы индустриалды аймақтар болса, мұнан бөлек, тағы 4 осындай аймақта бүгінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді. 

 

 

Жиында Б.Атамқұлов бүгінге дейін облыстағы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4025 жұмыс орны құрылғанын айтып, «Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылғанын жеткізді.

Айта кеткен жөн, өсім бойынша облысымыз республикада алдыңғы қатарда келеді. Тарқатып айтсақ, бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құраса, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға артқан. 

Мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде Бейбіт Бәкірұлы, ағымдағы жылы өңірде 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды қамту көрсеткіші 80,5 пайыздан 82,3 пайызға жеткеніне тоқталды. 

 

 

Мұнан бөлек, 42 мектеп, 6 балабақша пайдалануға беріліп, нәтижесінде 11 апатты жағдайдағы мен 9 үш ауысымды мектептердің құрылысы аяқталды. Ал 77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Б.Атамқұлов халық қалаулыларына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылғанын жеткізді. Айта кету керек,  бұл республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрайды. Аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27 пайызға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрағанын айтты. 

 

 

Бүгінгі өңірдің халық қалаулыларымен болған кездесуде аймақ басшысы «ОҚО-да әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде» деді. Облыста жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың барысын баяндау кезінде аймақтағы 10 денсаулық сақтау нысанынының құрылысы жүргізілсе, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны айтылды. 

 

 

«Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр. Есепті кезеңде нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13, қан айналымы аурулары 15, туберкулез 24, онкопатология 2 пайызға төмендеді», - деп түйіндеді аймақ басшысы.        

 

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТКЕ:

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкіміБ.Б.Атамқұловтың жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша сөйлеген сөзінің толық нұсқасы

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда.

Өңіріміздің алдағы 5 ЖЫЛҒА арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді.
***
Бүгінде, облыста 7 индустриалдық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриалдық аймақтың инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілуде.

Жалпы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

«Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында 27 млрд. теңгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды.

 

Анықтама:

«Шымкентмай» АҚ –өсімдік май өндірісін ұлғайту -  1,9 млрд. теңге, 26 жұмыс орны;

«Lotus Food Company LLC» ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу - 471 млн. теңге, 48 жұмыс орны.

Бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құрады.
6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3% артты.

Өсім бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.
***

Өңіріміздің аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда.
Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр.

Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғаруәдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теңгені құрап, 2% артты.

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады.

Суармалы 466 мың гектар жердің 93% игерілуде (434 мың га).

Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналды.

Алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді  құрап (2015 ж. – 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды.
Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%).

Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілді.

Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды.
4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.
***

Негізгі басымды бағыттардың бірі инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия  елдеріне ресми іс-сапарлар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңға шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнес

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теңгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теңге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теңгеге артты.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілді.
***
Әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде.

Ағымдағы жылы 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге Түлкібас ауданындағы ауылдық емхана іске қосылды.

Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр.

Есепті кезеңден әрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13%-ға, қанайналымы аурулары – 15%-ға, туберкулез – 24%-ға, онкопатология – 2%-ға төмендеді.

Білім беру саласында ағымдағы жылы 37 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, жалпы саны 1 561 бірлікке, балаларды қамту көрсеткіші 80,5%-дан 82,3% жетті.

Бүгінгі таңда 42 мектеп, 6 балабақша іске қосылып, нәтижесінде 11 апатты жағдайдағы мен 9 үш ауысымдық мектептердің құрылысы аяқталды.
77 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТТІҢ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 77,7 құрады. Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 19 бітірушінің 5 біздің облыстың түлегі.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жартыжылдықта 33 383 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, бұл республикалық көрсеткіштің 16% құрады.

Есепті кезеңге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 27%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады.
***
Ағымдағы жылы 5 мәдениет үйі, 1 мұражай пайдалануға берілді.

Жыл басынан облыс спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 403 алтын, 392 күміс, 384 қола медальға қол жеткізді.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 күміс, 1 қола медальды облысымыздың спортшылары салды.

Есепті кезеңде 1 спорт кешені іске қосылды.
***

Халықты қажетті инфрақұрлыммен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы 27 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 25-і пайдалануға берілетін болады            (2 нысанның құрылысы 2017 жылға ауыспалы).

Оның ішінде, су құбыры мүлдем жоқ 7 елді мекенге (5,6 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, 14 елді мекендегі (59,5 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылады. Бүгінге 1 нысан іске қосылды.

Ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп жатқан 33 газ нысандарының 12-сі пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен 25 елді мекен газдандырылып, нәтижесінде, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны жалпы 293 жететін болады (1,7 млн.адам). 

199 жол нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Қазіргі таңда, 45 нысан пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен 179 нысанды немесе 520 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
***

«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 790 мың шаршы метрлі 262 үйдің құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мың шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі.
***
Облыста қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлкен мән беріліп отыр.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 186 бейне бақылау камералары, 89 қызметтік автокөліктер, 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды.

Биыл қолданыстағы заң аясында облыстық және аудан, қалалардағы Жергілікті полиция басшылары тағайындалды.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, есепті кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 70%-дан 72,8%, ауыр қылмыстың ашылымы 67,8%-дан 71,8%-ға жоғарылады.
***
Облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша «Ашық әкімдік» қызметі ашылды.

Сонымен қатар, ашық ақпараттар толығымен «Ашық деректер», барлық қаулы жобалары «Ашық Нормативті Құқықтық Актілер», ал шоғырландырылған бюджеттік есептер мен бюджет жобалары «Ашық бюджет» порталдарында жариялануда.

Өздеріңізге белгілі мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, республикада алғашқы болып облыс әкімі аппаратында бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылып, осы конкурстар арқылы 73 адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданды.

Білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында облысымыздың жоғары оқу орындары үздік бітірген түлектер арасында іріктеу жүргізіліп, 50 жас маманнан тұратын «Кадрлардың алтын резерві» жасақталды.

Жалпы жоғарыда атқарылған жұмыстардың барлығы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру үшін жасалып отыр.
***                                                   

                                                                                                                   Құрметті депутаттар!

 

Өздеріңізге белгілі, жақында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Аталған тапсырмаларда Біздің негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердің қолдау көрсетулеріңізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп,  елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын.

Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасымен белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Назарларыңызға рахмет!

434 рет қаралды

Пікір жазу