17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ»

Сенбі, 10 Қыркүйек 2016 14:16

 

Өскеменде өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияның аясында археология саласының мәселелері және 2016 жылы Шығыс Қазақстанда 5 ежелгі ескерткіште жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Аталмыш конференцияға аймақ басшысы Д. Ахметов қатысты. 

 

 

Шара алдында конференцияға қатысушылар мен қала тұрғындары үш киіз үйге қойылған Берел қорғандары, Шілікті жазығы, Абылайкит бекініс-ғибадатханасы, Қырықүңгір ескерткіші және Елеке сазы жеріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдарды тамашалады. Ең басты жәдігерлер – «Алтын адам» мен Берел жазығындағы №11 қорғаннан табылған жылқының көшірмелері Мәдениет сарайының дәлізінде жиынға қатысушыларды қарсы алды. 

 

 

Пленарлық отырыс барысында ғалымдар археология ғылымының және Шығыс Қазақстанда табылған тарихи жәдігерлерді сақтау мен оны мұражайға қоюдың өзекті мәселелерін талқылады. Археологтардың пікірінше, бұл – өңірдің мәдени және экономикалық дамуына, туристік инфрақұрылымның қалыптасуына оң әсер етеді.

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын біздің өңірде жүргізу қажеттілігі күмән тудырмайды. Мұндай жұмыстар зерттелген нысандарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының қатарына қосу үшін қажетті теориялық негізін және өңіріміздің мәдени брендін қалыптастырып, туристік әлеуетінің артуына сеп болмақ. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер облысымызда қалып, жастарымыздың патриоттық тәрбиесі үшін қызмет ететін болады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар аймақ басшысы табылған заттардың облыстық тарихи-өлкетану мұражайына берілетінін хабарлады.

Конференцияның аясында Катонқарағай ауданының Берел жазығында  елімізде баламасы жоқ аспан астындағы мұражай ашылғанын атап өту керек. Мұндай мұражай келесі жылы Шілікті жазығында да салынбақ.

252 рет қаралды

Пікір жазу