16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Жұма, 16 Қыркүйек 2016 14:26

 

Митап – «ресми емес кездесу», бұл жерде әркім өзін қызықтыратын нәрселер туралы айтып, ой алмасып, мүдделес адамдар табады.

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының мамандары Бородулиха ауданында (2016 жылдың 23 тамызы), Бесқарағай ауданында (2016 жылдың 24 тамызы) және Семей қаласында (2016 жылдың 26 тамызы) «Қазақстан халқының ұлтаралық бірлігі мен келісімі – бірыңғай ұлт құру негізі» деп аталатын митап-кездесулер қатарын өткізді. Іс-шаралар «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелері бойынша кешенді ақпараттық-оқыту кампаниясын өткізу» жобасы бойынша ұйымдастырылған.

Кездесулерге білім беру, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, бизнес-ұйымдар, этномәдени орталықтар, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері және басқалар,  ұзын саны 63 адам қатысты.

Қатысушылар интерактивті формада ұлтаралық келісімнің басты мәселелерін талқылады (ұлтаралық келісімнің үздік мысалдары); қазақстандық сәйкестік туралы пікір таластырды: мәні   мен  оның бірегейлігі неде деген сұрақтарға жауап берді.

Ұлттық бірыңғайлық мысалдарын келтіру ерекше пікірталас тудырды – қатысушылар ұсыныстарын жасап, сөз таластырып, мысал келтіріп, ой-өрістері мен жадыларына жүгінді. Нәтижесінде, қатысушылардың пікірінше ұлттық бірыңғайлықтың ең жарқын тізіміне спорт, әдебиет, кино әлемі, мәдени нысандардағы, тарихи тұлғалар мен қазіргі кездегі көрнекі тұлғалар кірді.

Оған қоса қатысушыларға сарапшы және  ақпараттық-насихат тобының мүшесі ретінде келесі мүмкіндіктер берілді – бағдарламалық құжаттармен танысу, ең басты сәттерді анықтап, құжаттардың мәнісін өзге қатысушыларға жеткізу ұсынылды. Іс-жүзінде бәрі бір қарағандағыдай оңай емес болып шыққаны анық. Ақпаратты дұрыс жеткізу керек, ол үшін тиісті формалар мен нақты топты ақпараттандыру тәсілдерін пайдалану керек.

Жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Митап-кездесулер әлі Өскемен қаласы мен облыстың өзге аудандарында өтеді.

266 рет қаралды

Пікір жазу