15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖИЫН-ТЕРІМ ҚЫЗА ТҮСТІ

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2016 05:41

 

Шардарада жиын-терім науқаны қызған шақ. Жергілікті дихандар негізгі өнім саналатын бақша дақылдары мен шитті мақтаны жауын-шашынға қалдырмай ысырапсыз жинап алудың қамын жасауда. Мақта қабылдау пункттері де, комбайн-тракторлар да сақадай сай. Жер ана сыйы – жергілікті өнімнің биылғы бағасы да жылдағыдан жоғары.

Шардара ауданы бойынша биыл 11 298 га егістікке шитті мақта себілген. Көксу, Ұзыната және Алатау батыр ауылдық округтерінде мақта терімі басталды. 24 мақта қабылдау пункттеріндегі таразылар мен зертханалар да толықтай науқанға дайын. Қазірдің өзінде жергілікті шаруалар бұл пунктерге 500 тоннадан астам ақ алтын тапсырып үлгерді. 2 мың га-дан астам алқап дефоляциядан өткізіліп, комбайндарға дайындалуда.

Талғат Әлімқұл, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Сөзі: Шардара ауданы бойынша жалпы 64 мың га суармалы жер бар. Бүгінгі таңда 11 298 га алқапқа мақта дақылы егілген. Бүгінгі таңда мақта жинау науқаны басталып кетті. 500 тоннадан астам шитті мақта мақта қабылдау пункттеріне түсті. Жалпы жылдағыдан қарағанда мақта бағасы әлдеқайда жоғары, 1 кг мақтаның құны бүгінгі таңға 146 теңге. Мақтаның түсімділігі бірінші терімде 20-25 центнерден айналып жатыр.

«Пернебай и К» - ауданда алғаш құрылған шаруа қожалықтардың бірі.  136 га алқапқа егін салып қана қоймай, мемлекеттік бағдарламалар аясында мал басын арттыру ісін де қолға алған. Биылдан бастап, мал бордақылауға бет бұрып, алдағы күндері етті терең өңдеу ісін жолға қоюды да жоспарлап отыр.

Қабланбек Жұмабек, «Пернебай и К» фермерлік қожалығының төрағасы

Сөзі: Құмдағы малымызды мына қыстаққа әкеліп, қыстақта мына жерде бордақылаймыз 3 ай, 4 ай, соны сөйтіп өткіземіз. Салынып жатқан алаңша 100 басқа арналған. Мына мемлекеттің қазір қолдаулары мынау мал бордақылауға және мал басын көбейтуге. Сол бағдарламаның аясында біз жұмыс істеп жатырмыз. Қаражаттарды күтудеміз. Тапсырыстар бердік, документ, құжаттарымызды өткіздік.

Шаруашылығы шалқыған Шардараның бақша дақылдары да шекара асып, шетелдіктердің жоғары сұранысына ие. Биылдыққа 10 836 га жерге бақша егілсе, өнім Ресей елдерімен қатар, Балтық жағалауына да экспортталуда.

327 рет қаралды

Пікір жазу