"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

"НҰРЛЫ ЖОЛ" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2016 05:49

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалды "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарда атқарылған жұмыс көлемдері мен бағытталған қаражаттарды уақытылы әрі тиімді игеру жөнінде аудан, қала әкімдіктерінің және тиісті облыстық басқарма басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өткізді. Жиында Шымкент қаласы, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам аудандарындағы нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей, жоспарланған қаржы игерілмегіндігі айтылды. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқарма басшыларына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден қалыс қалған мердігер мекемелерге, заң талаптарына және түзілген келісім-шартқа сәйкес тиісті шаралар қабылдауды және жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасына, жобаға және бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы арқылы 36 нысан - 1 жатақхана, 11 инфрақұрылым, 23 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Жолдауынан туындайтын «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстың алдын алуға, осылай ете отырып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге бағытталғаны белгілі. Қазіргі таңда мемлекет отандық кәсіпорындардың жұмысқа қабілеттілігін қолдап, жұмыс орындарын сақтау, сонымен бірге, Қазақстан экономикасын құлдыратып алмау үшін қаражат бөліп келеді. Бағдарлама аясында осы бағыттағы жұмыс жалғасады әрі алдағы уақытта оның ауқымы да арта түседі.

Айта кетердігі, «Нұрлы жол» бағдарламасы бірқатар басым міндеттерден тұрады. Нақтырақ айтқанда, онда «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту, азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту шаралары қамтылып отыр.

356 рет қаралды

Пікір жазу