16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСЫНДА

Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2016 08:11

 

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Темірбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған азаматтардың 86 пайызы міндетті зейнетақы жарналары аударылғаны арқылы анықталып отыр.

Елбасының биылғы жылы халыққа Жолдауында белгіленген бес бағыттың бірі – Жаңа әлеуметтік саясаттың іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы облыста осы жылы 319 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 65 мыңнан астам отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алып жатқанын айтты.

«Әлеуметтік көмек алушылардың қатарында еңбекке жарамдылар орташа есеппен 24,4 пайызын құрайды. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттерден 5 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің үш түрімен бірге  (көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін жәрдемақы, балалар жәрдемақысы) атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілетін болады»,-деді спикер.

Бұл көмектің түрі шындығында қиын жағдайға тап болған және объективті себептерге (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық) байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек болып ұсынылатын болады. Яғни, еңбекке қабілеттілікті сақтаған, көмек алушы үміткерлерге қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады. Осы мақсатта «Өрлеу» жобасының аясында күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарына  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек көрсету қарастырылған. Шартты ақшалай көмектің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығына тең.
«2016 жылы «Өрлеу» жобасын енгізу тәжірибесін кеңейту үшін, шартты ақшалай көмек жүйесін облысымыздағы барлық аудан, қалаларда енгізу жоспарланды. Жоба аясында 14927 адам 602,5 млн.теңгеге шартты ақшалай көмекпен, оның ішінде 2944 адам  жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылатын болады. Нәтижесінде, кедейлік деңгейін 6,0 пайыздан өсірмеу көзделуде», -деді А.Темірбаева.

Айта кетейік, «Өрлеу» жобасы 2015 жылы 4 өңірде пилоттық жоба ретінде енгізіліп, 139 отбасындағы 913 адамға 23 млн. теңге төленді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

400 рет қаралды

Пікір жазу