"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУДА ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жұма, 23 Қыркүйек 2016 08:09

 

ОҚО Кентау қаласы Елбасымыздың бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Қаламыз жаңа кейіпке еніп, өн бойына  өзгерістер пайда болды. Жыл сайын жетістікке  қол жеткізіп келеді.

Қала бюджеті

2016 жылы 7 айда бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 100,5 пайыз, немесе 33,2 млн. теңгеге артық орындалды (жоспар – 6881,1 млн. теңге, нақты - 6914,3 млн.теңге). 2015 жылғы осы уақыттағы кезеңмен салыстырғанда қала бюджеті жеке кірістердің өсу қарқыны 105,3 пайызды құрап отыр.

Оның ішінде өзіндік жергілікті түсімдер 576,6 млн. теңгеге жоспарланып,  609,8 млн. теңгеге немесе 33,2 млн. теңгеге артығымен орындалып, 105,8 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,7 млн. теңгеге артқан.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 12519,5 млн. теңгенің өнімін өндіріп,  нақты көлем (индексі) 104,7  пайызды  құрады.

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібінде 84,0 млн.теңгеге өнім өндірілген, нақты көлем (индексі) 2,1 есе, өңдеу өнеркәсібінде 11495,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп,  (НКИ) -  104,0 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 703,0 млн.теңгені, -103,1 пайызды, сумен жабдықтау 409,9 млн.теңгені, -100,3 пайызды құрады.

2010-2016 жыл аралығында Кентау қаласы бойынша индустриаландыру картасына жалпы 9 жоба (жалпы құны - 11980,2 млн.тенге) енгізілген. 

 

 

Индустриаландыру картасының іске асырылып келе жатқаннан беры құны 3609,0 млн.теңге, 255 жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылып, жоспарлық қуаттылықты игерді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйек айында 1 жоба («Электродеталь» ЖШС, құны 867,0 млн.теңге, жаңа жұмыс орны 50)  іске қосылу жоспарланды.
2017 жылы іске қосылатын 4 жоба, жалпы құны -7504,2 млн.теңге, жаңа жұмыс орны – 508 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриалдық аймақ құруға берілген.  Индустриалдық аймаққа (25 га) 1 419,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп,  1 943,5 млн.теңге, 4 жоба, 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Индустриалды аймақтың 25 га-ның 4,85 га. – 4 жоба орналастырылған болса, 4,3 га. жер телімі инфрақұрылым  жүйесіне бөлініп берілген, қалған  15,85 га жер көлемін құрап отыр.

Сонымен қатар индустриалды аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдірген 3 кәсіпкерлермен жұмыстар атқарылуда. Жалпы 1,4 га жер теліміне, 232 млн.теңге инвестиция тарту көзделуде.

 

 

Шағын және орта бизнес Кентау қаласының экономикасын дамытуға үлесін қосып отырған саланың бірі. Кентау қаласы бойынша іс-әрекеттегі ШОК субьектілерінің саны статистикалық деректерге сәйкес  2016 жылдың 7 айында 2927 бірлікті құраса,  2015 жылдың осы кезеңінде 3318 бірлік болып, 88,0% құрап отыр.

Жұмыс істейтін ШОК субьектілерінің кемуі ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің жеке кәсіпкерлер базасы мәліметінің жандандырылуынан және шаруа қожалықтарының жер телімдерінің  заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылуы мен 32 ШҚ төрағаларының қайтыс болуы себепті кірістер басқармасының жұмыс істеп тұрған есебінен шығарылып, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айырманың туындауына негіз болып отыр. 

Жұмыспен қамтылған адам саны 4154-ті  құрап, 102  пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет)  11817,8 млн. теңгені құрап, 114 пайызға артты.
Қаланың ауыл шаруашылығы саласында 964,4 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

Оның ішінде, мал шаруашылығы 684,4 млн.теңгені құрап, 104,6 пайызға, егін шаруашылығы 280,0 млн.теңгені құрап, 99,7 пайызға жоғарылады. 
Қала бойынша 2 гектар жылыжай салу жоспарланып, 0,9 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 45,0 пайызға орындалды, жалпы көлемі 13,5 гектарға жетті, саны 105 бірлікті құрады.

Әдісін 250 гектар жерге енгізу жоспарланып, жылдық жоспар 100,0 пайызға орындалды. Жалпы  523 гектарға енгізілді.

 

 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 90 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма (200 бас) 45 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңға 15 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 37,5 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 200 бас), тапсырма 150,0 пайызға орындалды.

Есепті мерзімде 44 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, (тапсырма 43 бірлік),  жылдық тапсырма 102,3 пайызға орындалды. Жалпы 186 бірлікті құрады.

18 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып, 11 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жылдық тапсырма 61,1 пайызға орындалды. Жалпы 31 бірлікті құрады.

Мал басы: ІҚМ басы 11916 бас 116,6%-ға, қой-ешкі 56092 бас 131,9%-ға, жылқы 1586 бас 125,6%-ға, құс 14700 бас  92,0%-ға, шошқа 59 бас, 67,8% құрады.

Мал өнімдері: ет 587,1 тн. 102,9%-ға, сүт 2997,0 тн. 108,4%-ға өсті, жұмыртқа 597,2 мың дана 114,1%-ды құрады.

Кентау қаласының  халық саны 94845 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 40 562 адам.

Жұмыссыздар саны 2122 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызы құрады.

Ресми жұмыссыздар саны 1884 адамды құрап отыр.

 

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

Бағдарламаның 1 бағыты (жергілікті инфраструктурамен дамыту арқылы және елді мекендерге орналастыру арқылы жұмыс орындарын ашу) бойынша 12 жобаны жүзеге асыру үшін 533,2 млн.теңге  қаржы қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында 95 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 7 айдың қорытындысымен 6 жобаға 55 азамат жұмысқа орналасты немесе 57,8% құрады.

Бағдарламаның 2 бағыты (ауылды жерлер мен тірек ауылдарында кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) бойынша 3 млн.теңгеге дейін - 10 азамат қаржыландырылды немесе 47,6% құрады (жылдық жоспар - 21 азамат).
Бағдарламаның 3 бағыты (оқыту және қажетті шегінде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру):

2016 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 20,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыссыз азаматтар қатарынан нысаналы топтағы - 107 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды.  Мерзімінен бұрын аяқтаған 7 азамат  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 3-ші бағыты аясында қайта даярлауға  жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 азамат жолданды.

Жоспар 100% орындалды.
34 мекемеге 132 азамат жастар практикасына жолданып, оның ішінде 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 110% орындалды. 466 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға Ащысай ауылының су құбырын орташа жөндеу жұмыстарына 29,5 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту көзделуде.

Қарнақ ауылының су өткізгіш  тораптарының  құрылысына 200,0 млн. теңге қарастырылып, 7 айдың қорытындысымен 99,5 млн. теңгесі игеріліп, 40,2 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Нысан 2017-2018 жылдарға өтпелі болып табылады.

«Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру» нысаны бойынша І-ІІ кезең жұмыстары аяқталып, ІІІ кезең жұмыстарының сметалық құны 1145,235 млн. теңгені құрап, құрылыс жұмыстарын «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары жүргізу жоспарланған.

 

 

 

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының 1230 шақырымында Үлгілі елді мекені арқылы өтетін АГТС-тан,  Кентау қаласына дейін таратушы газ құбырын және №14 «Қызыл әскер» АГТС салу» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жалпы сметалық құны 4 049,8 млрд. теңге құрады.

2015 жылы газ құбырларын жүргізуге республикалық және облыстық бюджет есебінен 1000,0 млн. теңге қаралған.
2016 жылға аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен  2609,7 млн. теңге қарастырылып, құрылыс монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 7 ай қорытындысымен 2016 жылға 1 559,3 млн. теңге игерілген.

Кентау қаласына қарасты Бүргем елді мекенін және Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету құрылыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 18,0 млн теңге қаралды.

Автокөлік жолдары Кентау қаласы мен ауылдарда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 261 шақырым. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жоқ, облыстық маңызы бар жоқ, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 14,95 шқ, елді мекен көшелері 246,05 шақырымды құрайды.

Мәдениет және спорт, туризм Мәдениет саласында 1 қалалық мәдениет үйі мен 4 ауыл-дық клуб, 1 қалалық орталық және 1 қалалық балалар, 4 ауылдық кітапхана, 3 қалалық кітапхана-филиалы, жалпы 14 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан жалпы саны мәдени 431  іс-шара (оның ішінде мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша 156, кітапханалар бойынша 275 іс-шара) ұйымдастырылып, оған 80,0 мыңға жуық адам қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Ащысай ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 36,2 млн. теңге, Байылдыр ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 6,8 млн. теңге, Хантағы ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 11,4 млн. теңге, орталық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге 15,9 млн. теңге, «Дружба» кинотеатры ғимаратын күрделі жөндеуге – 25,2 млн. теңге  қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Спорт саласы. Спорт пен жүйелі түрде айналысушылар саны 22165 адам, тұрғындардың 23,5 % құрады. 2016 жылдың 7 айына бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 207 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 11681 адам қамтылды.

Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Ашысай ауылындағы спорт кешеніне 2016 жылға ағымдағы жөндеуге «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасымен  Бокс мектебіне 13,9 млн. теңге және Ащысай ауылындағы спорт кешеніне 12,3 млн. теңге  қаражат бөлінді.

Ащысай  ауылындағы спорт кешені бойынша «Анар-Асем» ЖШС конкурс жеңімпазы болып анықталды. Қазіргі таңда ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Туризм саласы Кентау қаласының «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің экоағарту және туризм бөлімінің көрсететін қызметтері үшін 2016 жылдың 6 айында 82 адамға туризм бойынша қызмет көрсетілген. Кентау қалалық музейіне 2016 жылдың 6 айында келушілер саны 4468 адамға қызмет көрсетілген. 

 

 

Қазіргі таңда  1 туристік маршрут дайындалған.

Бұл маршрутта «Хантағы Кемпіртас»; ғылыми танымдық кешені «Қаратау табиғаты», Ханның тағы, Жасарбұлақ, Күлжабай сайы, Тастың бауы, Кемпіртас экскурсиялық соқпақты  тамашалай алады.

364 рет қаралды

Пікір жазу