"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОБЛЫС БАСШЫСЫ «АҚ КЕРУЕН-2016» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жұма, 23 Қыркүйек 2016 16:11

 

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ОҚО Мақтарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терімінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысып, шаруалармен жүздесті. Кездесу барысында олар өнімнің түсімдігі мен сапасын және мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың арқасында Мақтаралдағы 83 мың гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен. Мақтаралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа теріп алуды жоспарлап отыр. Биыл шаруалар мақтаның келісін 159 теңгеден өткізуде. 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл мақта алқабының көлемі 110 мың гектарға дейін ұлғайтылған. Шаруалар осы көктемде дәннің шөлге шыдамды және өнімді көп беретін жергілікті түрін сепкен болатын. Оның үстіне биылдан бастап жоғарғы сұрыпты тұқымға берілетін субсидия көлемі 70 пайызға дейін арттырылғаны тағы бар. Және де іріленген қожалықтарға техника сатып алу мен тыңайтқыштарға берілетін жеңілдік те ұлғайыпты. Диқандардың айтуынша биыл оңтүстікте ауа райы өте қолайлы болды. Терең қопсыту әдісі, біріншіден, жердегі ылғалдылықты сақтаса, екіншіден, өнімділікті екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мақталы аймақта болған облыс әкімі сонымен қатар, сүт өңдеу цехы мен май шығару цехын және мақта шикізатын өңдеу процесімен де жақынырақ танысып қайтты.

332 рет қаралды

Пікір жазу