17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА – 25 ТОМ

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 06:39

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына - 25 том. Бұл сыйды ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы жасап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры Ханбибі Есенқарақызы бұл кітаптарды «Ақ жол газетінің» мақалаларынан құраған. Газет бетінде жарияланған саяси мәселелер мен сыни мақалаларға осы туындыда талдау жасалған. Қазақ жастарын саяси және идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жөнінде сөз қозғалған.

«Ақ жол» газеті сол кездегі аумалы-төкпелі тарихи кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Бұл жинақтан// «бодандықтан азат болайық!» деген алаш зиялыларының жанкештілік еңбегін оқуға болады. Тұсауы кесілген жаңа жинақтың жас ұрпаққа берері мол.

Тұсаукесер жиынға облысымыздағы зиялы қауым өкілдері, бірқатар оқу орындарының ғалымдары қатысты. Кеш барысында еліміз жеткен жетістіктер баяндалып, патриоттық әндер шырқалды.

 

 

Ханбибі Есенқарақызы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі. Бірнеше Құрмет грамоталарымен, медальдарымен, "Парасат" орденімен, "ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен марапатталған. С.Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты.

Қазақтың белгілі ақын қызы Ханбибінің алғашқы өлендері «Қанат қақты» жинағында жарияланды. Ақынның «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым » , «Махаббатым мәңгілік », «Жан айқай» деген кітаптары бар. Соңғы жылдары оның «Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты 2 томдығы, "Ай туады бозарып" және "Күн шығады қызарып" атты 2 томдығы жарыққа шықты.

319 рет қаралды

Пікір жазу