"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАС ТЕХНИКТЕРІМІЗДЕН ҮМІТ ЗОР

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 06:41

 

Талабы барға – талант ашатын мекен. Биылғы жаңа оқу жылында Шардара аудандық білім бөлімі жанынан құрылған «Жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа ғимарат берілді. 2011 жылы құрылған ұйым бұған дейін балалар саз мектебінің ғимаратын паналап келген еді. Енді міне, аудан әкімінің қамқорлығының арқасында бұрынғы өлкетану мұражайын өз атына аударып алды.

Баланың бағын ашатын бұл мекеме қаладағы «Тұңғыш Президент саябағы» ішінде орналасқан. Сәніне сәулеті сай нысан үшін мекеме қызметкерлері мен ондағы үйірмеге қатысатын оқушылардың қуанышы шексіз.  Мұнда олар туристік, техникалық, натуралистік 3 бағыт бойынша 11 үйірмеге қатысады. 440 оқушы осы жерде талабын ұштап отыр. Бұрынғы ғимарат тар болатын. Қазіргісінде жағдай жақсы. Ыңғайлы кабинеттер көп.
Айбаршын Қадырбаева - Шардара ауданының тұрғыны. Қос бірдей баласы осында тәрбиеленіп, бос уақытын тиімді өткізіп отырғанын айтады. Өнерлі балалардың игілігі үшін жағдай жасап берген аудан басшыларына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде «Бүгінгі жас-ертеңгі болашағымыз»,- деген әкім, Мәңгілік елдің балалары білімді болып өсуі үшін барлық жағдай жасалатынын алға тартты. Өскелең ұрпақтың жастайынан кәсіпке, мамандық иесі болуға талпынып жетілуі, ертең ұрпақтарымыздың білімді болып шығуына үлкен үлес қосады деп есептейді ұстаздар.

223 рет қаралды

Пікір жазу