"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ– ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 06:44

 

Болашағы біртұтас ел тіл мерекесін тойлады. «Мемлекеттік тіл-мерейім!». Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданындағылар  тіл мерекесін кең ауқымда атап өтті. Аудандық Мәдениет үйіне жиналған әр алуан ұлт өкілдері өз халқының ән-жырларын асқақтата шырқап, бірлік тындырымды тірлікке бастайтынын жеткізді. Салтанатты шарада әсіресе, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерінің белсенділігі жоғары болды.

Қазақстан халқының тілдері мерекесі  бірнеше ұлт өкілдерінің басын тоғыстырған Төлеби ауданында да жоғары деңгейде аталып өтті. Діні басқа  болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да,  тілегі бір бұл ұлыстар қазақ халқының салт-дәстүріне, тіліне деген құрметі ерекше екенін осы кеште дәлелдеді.

Ауданда мәдени орталықтардың жұмысы жүйелі. Қазақ тілін дәріптеп, «мемлекеттік тіл – менің тілім» деген ұғымды өскелең ұрпақ жадына сіңіріп келеді. Іс-шарада түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық салт-дәстүрін паш ететін қойылымдар қойды. Қазақы нақышта ән шырқап, би биледі.

Мерекелік кеш соңында «Тілге құрмет-елге құрмет» деп,  аянбай тер төгіп жүрген бірқатар азаматтар арнайы мадақ-марапатқа ие болды. Көпшілік:  «Болашағы біртұтас ел ғана мәңгілік ел болады» деген тұжырымға тоқтады. Елімізде тілге деген құрмет мемлекет деңгейінде барлық аймақтарда аталып өтеді.

316 рет қаралды

Пікір жазу