26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«25 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 06:53

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында ұйымдастырылды. Оның шеңберінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешек беріліп, жаңа босанған аналарға сыйлық тарту етілді. Аудандық аурухана қызметкерлерінің демеушілігімен өткен шарада концерт қойылып, көптің көңілі бір серпілді. Сонымен қатар орталық аурухананың босану бөлімінде нәрестелі болған бес отбасыға сый-сияпат көрсетілді. Асыраушысынан айырылған, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларын толықтай киіндірді. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. 

Тағы бір қайырымды игі іс Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімімен бірлесе атқарылды. Яғни, аталған мекеме қызметкерлері және мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, үй шаруасына, бау-бақшаларын тазалауға көмектесті. Іс - шараның мақсаты жалғызілікті ардагерлердің шаңырағында болып, аула ішіндегі, бақшадағы азды-көпті жұмыстарға қолғабыс көрсету. Қол ұшын беру акциясы 20- қыркүйекте басталды және қазанның бесіне дейін жалғаспақ. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің маманы Балнұр Ералының айтуынша, осы уақыт аралығында 131 жалғызілікті қарттардың үйіне кіріп шығып, халін білмек. Соның ішінде тыл ардагері В.Барановскийдің үйіндегі шатырдың төбесінен су ағып тұрғандықтан, мемлекеттен арнайы қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Іс-шараға БАҚ өкілдері және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Қасымбек қатысып, қарт ардагерлермен ашық әңгіме жүргізіп дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

275 рет қаралды

Пікір жазу