"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОҢ НӘТИЖЕ

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 07:07

 

Оңтүстік Қазақстан облысында «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 790 мың шаршы метрлі 262 үйдің құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Биыл соның 252 мың шаршы метрлі 151 үйі (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал, осы жылы 5 мәдениет үйі, 1 мұражай пайдалануға берілді. Есепті кезеңде бір спорт кешені іске қосылды. Айта кетейік 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы арқылы отыз алты  нысан - бір жатақхана, он бір инфрақұрылым, жиырма үш мектеп пен бір балабақшаның құрылысы жоспарланған. Халықты қажетті инфрақұрылыммен, әсіресе, табиғи газ бен ауыз су, автомобиль жолдарымен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы облыс бойынша жиырма жеті ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, жиырма бесі пайдалануға берілетін болды. Соның ішінде екі нысанның құрылысы 2017 жылға ауыспалы. Оның ішінде, су құбыры мүлдем жоқ жеті елді мекенге (5,6 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, он төрт елді мекендегі (59,5 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылады.

Бүгінге 1 нысан іске қосылды.

Ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп жатқан отыз үш газ нысандарының 12-сі пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен жиырма бес елді мекен газдандырылып, нәтижесінде, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны жалпы 293-ке жететін болады (1,7 млн.адам).  199 жол нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Қазіргі таңда, қырық бес нысан пайдалануға берілді. Жылдың қорытындысымен 179 нысанды немесе 520 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

291 рет қаралды

Пікір жазу