"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА БОЛАДЫ

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 07:08

 

Алдағы уақытта Шымкентте әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұру жобасы іске қосылмақ. Бұл жаңа жүйені қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жақында жасап шығуға тапсырма алды. Дәл осы бастаманы қала әкімі Ғ.Әбдірахымов көтерген болатын, өйткені бұған дейін қалаға қатысты әлеуметтік мәселелер, тұрғындардың сұрақтары әлеуметтік желі арқылы оңтайлы шешіліп келеді. Енді мұнан былай бұл тиімді тәсілді - халықты жұмыспен қамту саласында байқап көрмек. Әрине, бұл жобаның жұмыссыздықпен күресуге пайдасы тиетіні сөзсіз. Қазіргі таңда қалада үш мыңнан аса азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, жұмыссыз ретінде тіркелген әр тұрғын бос орындар туралы мәліметтерді дер кезінде  алып отыратын болады. Қандай мекемеден сұраныс түсіп тұр, қайсы мамандықтарға бос орын жариялағандығы туралы ақпараттарды сол мезетте білген тұрғындар сұраныс түсірген мекемелерге ашық түрде хабарласып, бағын сынап көруге мүмкіндігі мол.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаев, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Х.Әмірбекова, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ш.Ешанқұловтар қатысты. Бос жұмыс орындарын 38 мекеме ұсынған, 105 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз жолдамаларын алды. Іс шара аудандық мәдениет қызметкерлерінің мерекелік концертімен жалғасты.

313 рет қаралды

Пікір жазу