29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ТӘУЛІГІНЕ 100 ТОННА ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 13:44

 

Оңтүстік Қазақстан облысында түйе сүтін өңдейтін жаңа зауыт салынбақ. Бұл жоба осы жылдың 28-29 сәуірінде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

Шетелдік «Golden Camel Group LTD» компаниясы өңірде инвестиция құны 8 млрд. 30 млн. теңгеден астам қаржы болатын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен қышқыл сүт өнімін өндіретін кәсіпорын салмақ. Тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы өндірістің құрылысы қараша айында басталатын болады.

Түркістан қаласында бой көтеретін бұл зауыт іске қосылғанда 180 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жаңа заводтың өнімі Қазақстанның басқа өңірлерінің нарықтары мен Қытай мемлекеті және Кеден одағы елдеріне экспорттау көзделуде.

Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Бүгінде аталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретіні анық.

Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.

Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

195 рет қаралды

Пікір жазу