"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 4 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2016 15:16

 

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында балаларға берілетін құжаттардың 4 түрі  біріктіріліп, композиттік қызмет аясына енді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынатын бұл қызметке түрі баланың туу туралы куәлігі мен туылуына байланысты әлеуметтік бір жылдық төлемақысы, сонымен қатар, оның бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақысы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою қызметтері жатады.

Бүгінде облыстың барлық перинаталды орталықтары мен босану үйлерінде ХКҚО  мен АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері жоғарыда айтылған құжаттарды рәсімдеу бойынша көшпелі қызмет көрсетуде.  Аталған қызмет іске қосылған бір күннің ішінде 136 баланың құжаттары осы қызмет түрімен рәсімделген.

  Өңір тұрғындары енді жоғарыда аталған  4 мемлекеттік  қызмет түрін алу үшін түрлі мекеме орталықтарының табалдырығын тоздырмай-ақ, бір өтініш негізінде іске асыруға болады.

Бүгінде облыс жұртшылығы арасында бұл қызмет түріне оң пікірін білдірушілер көбеюде.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 26 тамыздағы

№ 845 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілген болатын. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
     

1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар ұсынатын қағаз құжаттарының санын қысқарту, не оларды электрондық нысанға көшіру немесе оларды мәліметтер нысанымен алмастыру;
      3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      4) көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті алушының өзі келмей-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимылы;
      5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту жолымен жеңілдету және жеделдету болып табылады.

256 рет қаралды

Пікір жазу