29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2016 15:21

 

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, осы жылдың 28-29 сәуірінде облысымызда өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.

Тамшылатып суару әдісі арықпен суару және жаңбырлатып суару әдістеріне қарағанда тиімді. Бұл жаңа технологияның агрономдық, агротехникалық, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан артықшылығы жоғары. Арықпен суару өнімділігі 20-35 пайыз, жаңбырлатып суару 50-75 пайыз, ал, тамшылатып суару 85-98 пайызға дейін өнім бере алады. Кәсібімде қолданамын деген шаруашылықтар мемлекеттік субсидия арқылы қол жеткізе алады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл аударады. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында да ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды тапсырды. Ал ерінбей еңбек ететін шаруаларға үнемі мемлекеттік қолдау бар.

279 рет қаралды

Пікір жазу