26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДАНИАЛ АХМЕТОВ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ИГЕРУ МӘСЕЛЕСІН БАҚЫЛАМАҚ

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2016 07:50

 

Басқосуда қалалар мен аудандар әкімдері, тиісті басқармалар басшылары «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген қаржының игерілу барысы туралы есеп берді.

Осы жылдың қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан түскен 193,6 миллиард теңге көлеміндегі қаржының 188,9 миллиард теңгесі немесе 97,5 пайызы игерілген.

Ең көп қалдықтарға Өскемен мен Семей қалаларында, Шемонаиха, Күршім, Зырян және Көкпекті аудандарында жол берілген. Сонымен қатар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында, энергетика және ТҮКШ басқармасында, білім басқармасында, ауыл шаруашылығы басқармасында, денсаулық сақтау басқармасында қаржының игермеу деректері орын алып отыр. 

Мұнымен қоса, кеңес кезінде осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша басқармалар, қалалар мен аудандар бойынша алдын ала мәліметтер жария етілді.

Есептерді тыңдап шыққан аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ қалған қаржының игерілу кестесін әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Атап өтерлік жайт, жыл басынан бері тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныстар бірнеше мәрте енгізілгеніне қарамастан ай сайын айтарлықтай сомадағы бюджеттік қаржы қалдықтары қалады. Жағдайды оңалту үшін облыс әкімі қалалар мен аудандар әкімдіктерін бюджетті орындау бойынша көрсеткіштерді жақсартуға барынша ынталандыратын жүйені енгізуді жүктеді.

Кестеге сәйкес әр айдың қорытындысы бойынша қаржы игерілуі 98 пайызға жетпесе облыстық бюджетке аударымдардың бекітілген нормативі 0,5 пайызға ұлғаятын болады, ал 98 пайыздық шамаға жетсе, қалалар мен аудандар аударымдар нормативінің 0,5 пайызға төмендеуі түрінде ынтыландырылады.

Мұндай талдаудың қорытындысы тоқсан сайы жүргізілмек, яғни облыстық бюджетті нақтылау кезінде аударымдар нормативтері өзгеріп отырады.
Қаражатты 100 пайыз игерген қалалар мен аудандарға қатысты айтар болсақ, оларға қосымша трансферттер бөлінетін болады. Айталық, кеңес барысында Абай, Аягөз және Үржар аудандарының әкімдіктеріне қаржыны 100 пайыз игергендері үшін елді мекендерді абаттандыру мақсатында 100 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

135 рет қаралды

Пікір жазу