17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ТАПСЫРДЫ

Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2016 07:56

 

Шығыс Қазақстанда биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 139 білім беру нысаны жөндеуден өтті. Даниал Ахметов бұл жұмыстарды 2017 жылы жалғастыра отырып, білім беру нысандарын жөндеуді кешенді түрде жүргізуді тапсырды.

Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстанда «Жаңару» бағдарламасы аясында бөлінген қаражттың 90 пайызы мектепдердің жөндеу және толық жөндеу жұмыстарына бағытталды. Барлығы 2,2 млрд теңгеге 139 нысан жаңартылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 жылы ШҚО аудандарындағы 115 мекемеге жөндеу қажет. 

Аппараттық кеңес барысында Даниал Ахметов аталмыш мәселеге кешенді қарауды тапсырды. білім беру басқармасының жүргізген сараптамасы көрсеткендей, Шығыс Қазақстанда жыл сайын бір жөнделген мектепті қайта жөндеу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан «Жаңару» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың тиімділігі де төмендейді.

- Біз үнемі бір нысанды жөндей алмаймыз. Бұл кешенді түрде болу қажет. Бір бастаған жұмысты толықтай аяқтау қажет. Жыл сайын бір мектептің жөндеу жұмыстарына орала беру дұрыс емес,  - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі 2017 жылы білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына баса назар бөлінетінін атап өтті. Бірақ 2018 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша барлық қаражат аудан және ауыл жолдарын жөндеуге жұмсалатын болады.

244 рет қаралды

Пікір жазу