"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сенбі, 24 Қыркүйек 2016 08:06

 

Кеңес барысында жылыту маусымына дайындық пен еңбек заңнама талаптарының орындалу мәселелері қаралды. Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы және бала сырқаты мен бала өлім-жітімін төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.

«ALTAY INVEST 2016» инвестициялық форумына дайындық барысы жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасады. 
Шетел қатысатын ұйымдарда еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы туралы   мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді.

2016-2017 жылдардағы  алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы  энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ринат Омаров ақпарат берді.

«Алтай Агроинвест-2015» халықаралық форумының қорытындысы бойынша жасалған меморандумдардың орындалу барысы туралы  ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Арман Тұрысбеков есеп берді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының

Семей қаласы және Аягөз ауданында  іске асу барысы туралы  Семей қаласының әкімі Ермак Салимов және Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Жөргекбаев баяндады.

Денсаулық сақтау басқарма  басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева бала сырқаты мен бала өлім-жітімін төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша облыс әкімі Даниал Ахметов нақты тапсырмалар берді.

158 рет қаралды

Пікір жазу