"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ПАТРИОТТЫҚ АКТІДЕГІ ЖЕТІ ТҰҒЫР АССАМБЛЕЯНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 18:20

 

 

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіндегі жеті тұғыр ассамблея қызметінің басты бағдары ретінде атқарылатын іс-шаралардың өзегі болып айқындалғанын айтты.

Облыстық ассамблея жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындармен түрлі форматта кездесулер ұйымдастырғанын жеткізген хатшылық меңгерушісі ел бірлігін бекемдеу, Ұлт жоспары пен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін дәріптеу мақсатында 189 іс-шара ұйымдастырылып, оған 215 мыңнан астам тұрғынның қамтылғанын хабарлады.

Естеріңізде болса, 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Брифинг барысында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі өңірдегі этносаралық ахуалға тоқсан сайын зерттеулер жүргізіліп, сараптама жасалатынын, сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 97,7 пайызы өздерін біртұтас Қазақстан халқының өкілі екендігін мақтан тұтатындығын айтып, бұл осы саладағы жүйелі жұмыстың мақсатты түрде нәтижелі іске асып келе жатқанын аңғартады деді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

418 рет қаралды

Пікір жазу