19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛСІЗ ТОПТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МӘСЕЛЕСІ ...

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2016 18:22

 

Таяуда ОҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия «БҰҰ-Әйелдер» Орталық Азиядағы көпмемлекеттік офисі үйлестірушілерімен бірлесіп «Әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету» тақырыбында семинар өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының атқарушы билігі халықтың жағдайын жақсартып, оның ішінде, әлеуметтік әлсіз топтар өкілдерінің әл-ауқатын көтеруді жетілдіру механизміндегі гендерлік теңдікті дамытудың мәселелерін шешу саласын азаматтық қоғаммен ұштастыруда оң нәтижелерге ие болып табылады.

Сондықтан да, осы мәселелер қаралған жиынға үкіметтік емес ұйым өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, азаматтық қоғам ұйымдарының мүшелері қатысып, аумақ деңгейінде пилоттық жоба ретінде іске асырылатыны талқыланды. Пилоттық жобаны екінші болып Атырау облысы іске асырмақ.

Айта кетейік, «БҰҰ-Әйелдер» көпмемлекеттік офисі Орталық Азиядағы әлеуметтік әлсіз әйелдерге қолдау көрсететін мемлекеттік заңнамалар мен бағдарламаларды зерттеді. Зерттеудің мақсаттарының бірі әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыру үшін маңызды МЕҰ және тәуелсіз сарапшылар тізімін анықтау еді. Бұл жүйе МЕҰ адвокациясы негізінде аталған топ мүшелерінің мүмкіндітерін арттыруға бағытталған даму стратегиясын қалыптастырады.

380 рет қаралды

Пікір жазу