17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУДА КЕН ӨНДІРУ ҮШІН БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 18:33

 

 

Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісінің мамандары «Қызыл ата» кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Тынымсыз жүріп жатқан жұмыстардың барлығын аралап көрген  қала басшысы қолға алынған игі іске көңілі толды. Кен барлау жұмыстарының  алғашқы нәтижелері көңіл қуантарлық. Өйткені мыс, темір рудалары шығып жатыр. Қазіргі таңда кен орнында бұрғылау жұмыстары жалғасуда.

«Қызыл ата» кен өндіру жұмыстарын қолға алған  «Айқараауыл» таукен компаниясы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда  кен өндіру орнында 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Қажетті техникалық жабдықтармен және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылатын адамдар саныда артпақ. Қалада кен өндіру жұмыстары қайта қолға алынды. Бұл  өз кезегінде қаланың экономикалық дамуына серпіліс беріп, жұмыссыздар саны төмендейтіні анық. 

Инвестициялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен биыл 800 млн. теңге қаржы бөлінген. Соның есебінен қаладағы жаңадан салынып жатқан 3 мөлтекауданда инженерлік-коммуникациялық жүйелердің құрылысы жүргізілуде.

Кентаулық кеншілердің келешектен үміті мол. Барлау жұмыстарын жүргізген мамандар «Қызыл ата» кен орнында цинк, барит, мыс сынды металдардың мол қорын тапқан. Өңірлік үйлестіру кеңесі әкім Мақұлбаев командасының жобасын мақұлдаса, тау-кен өндірісі өркендеп, мыңдаған маман жұмысқа тартылады.

407 рет қаралды

Пікір жазу