"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ӘКІМІ МЕШІТКЕ БАРУ ЖАЙЛЫ ШЫНЫНДА НЕ АЙТТЫ?

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 19:02

 

ШҚО басшысы Д. Ахметов облыс әкімдігінің әрбір отырысында алдымен елдегі тұрақтылық, ұлтаралық татулық пен діни радикализмнің алдын алу тақырыптарында ұдайы сөз қозғап, департаменттер мен басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдеріне тиісті тапсырма беріп, олардың орындалуын жіті қадағалап отырады. Бұл мәселе облыс әкімінің басты назарында.

Күні кеше өткен әкімдік отырысында облыс басшысы мешітке жұмыс -уақытында баруға болмaйтындығын айтып, жұмa намазын сылтауратып жеке бас шаруаларын бітіретін қызметкерлерді тәртіпке шақырды.

Сондықтан облыс басшысы «Конституция принциптерін құрметтеу баршамызға міндет, зайырлы қоғамда өмір сүреміз соны ұмытпаңыздар», - деп атап өтті.

Әкім өз сөзінде «мешітке мүлде бармаңдар, діннен аулақ болыңдар», деп үгіт-насихат жүргізбеді және олай айтып тұрмағанын көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның ұққаны анық. Тек мемлекеттік қызметте ғана емес, кез-келген мекеменің ішкі тәртібінде жұмыс уақытында қызмет орнын бос қалдырып, сылтау¬ратып кетіп қалу сынды әдеттерге шектеу қойылған. 

Алайда, әлеуметтік желілер мен интернет сайттарда қоғамның әртүрлі қызу пікір-таласын тудырған осы бір жайт, журналистер қауымының да өз айтарларын¬а жоғарғы жауапкершілікпен қарауларын ескертері анық. 

Орайы келген осы тұста, облыс әкімі Д. Ахметов алғаш осы қызметке тағайындалған күні өңірдегі ең бірінші барған нысаны да облыстық мешіт болғанын айтай кетпеске болмас.

 

Ерлан Жакупов, Шығыс Қазақстан облысы
әкім аппаратының баспасөз
хатшысы

272 рет қаралды

Пікір жазу