25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жұма, 30 Қыркүйек 2016 07:31

 

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына өңір басшысы Б.Атамқұлов, облыстық мәслихат депутаттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәслихат сессиясының күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Атап айтқанда, ОҚО құрылыс басқармасының әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыстары және қайта құрудың бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі есебі,  ОҚО бойынша коммуналдық қызмет көрсету тарифтері туралы, ОҚО Құрмет грамотасымен наградтау туралы және т.б. маңызды мәселелер қаралды.

Сессияда ОҚО бойынша тексеру комиссиясының  төрағасы қызметіне Сырым Шалабаев тағайындалды. Сондай-ақ, жазған арызына сәйкес мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреев қызметінен босатылып, мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқару Әбілқасым Досболовқа жүктелді.

Кезекті сессияны қорытындылаған өңір басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғысын білдіріп, Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруды ұсынды. Жалпы облыстың халық қалаулыларына жүктелген тапсырмалардың дерлігі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, жергілікті халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, облыстың экономикалық әлеуетін арттыру болып табылады. Бұдан өзге көп ұлтты Қазақстанның мызғымас татулығын нығайту ісіне, әр түрлі мәдени шараларды өткізуге де атсалысады.

159 рет қаралды

Пікір жазу