29Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СОЗАҚТЫҚТАР АЛДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА САҚАДАЙ САЙ

Жұма, 30 Қыркүйек 2016 07:33

 

 

 

 

 

 

 

Қыстың қамын жазда ойлаған Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тұрғындары алдағы жылыту маусымына толықтай дайын. Бұған облыс әкімдігінің арнайы инспекторлары көз жеткізді. Іс-сапар барысында жауапты сала мамандары көше бойындағы бейнебақылау камераларының да жұмысын тексерді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келген инспектор мамандар теріскейде алдымен, 35 білім ошағының  жылу қазандықтарын аралады. Бірқатар әлеуметтік нысандарды көріп, олардың жай-күйімен танысты. Алдағы қыс маусымына дайындық жағдайларын пысықтады.    

Жарқын Жыңғылбаев, «Мыңжылқы» мәдениет үйі директорының  шаруашылық жөніндегі орынбасары: «Мыңжылқы мәдениет сарайынан басқа, 12 клуб ғимараты бар. Барлығы қысқы жылыту маусымына дайын. Мыңжылқы мәдениет сарайымыз сұйық отынмен жылытылады. 18 тонна құйып қойдық. Қалғаны көмірмен жылытылады. Оған 284 тонна көмір түсіріп қойды».

Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің биыл жылу қазандықтары жаңартылған. Ауданда мектепке дейінгі мекемелер де жылыту маусымына сақадай сай.    Іс-сапар межесіне сәйкес, тиісті мамандар аудан көшелеріне орнатылған камералардың жұмысын да бақылады. 
Жүнісхан Әлімбеков, Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің  бастығы

Алдағы уақытта аудан әкімінің қолдауымен 15 камераның барлық қойылатын жерлері көпшілік орындар ұрлыққа, қылмысқа керекті жерлерге толық анықтап сметалар жасау.

Айту керек, Созақта биыл  аудандық білім бөліміне қарасты 35 білім ұясы мен әлеуметтік нысандар қатты және сұйық отынмен тегіс қамтамасыз етілді. Дайындыққа байланысты шағым жоқ.

152 рет қаралды

Пікір жазу