"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ АРДАГЕРЛЕР ШАҢЫРАҒЫНДА БОЛДЫ

Сенбі, 01 Қазан 2016 07:58

 

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсен Әбдінұровтың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында облыс әкімі еліміз егемендік алған жылдары бағындырған биіктеріміз бен жеткен жетiстiктерiміз Сіздердің лайықты еңбектеріңізбен пайымды парасаттарыңыздың арқасы екенін айтып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт кісіге алғысын білдірді.

Өз кезінде қазыналы қарт Тәуелсіздік алған 25 жылда жас мемлекетіміз қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етіп, Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Сәрсен Әбдінұров 1922 жылы Түлкібас ауданы Қиырбастау ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 20 қаңтарда армия қатарына шақырылып, Қазалы қаласында 368 қосалқы полктің командирлер дайындайтын курсын бітірген. 1943 жылы қараша айында Украинада, 1943-1944 жылдары 823 атқыштар полкінде болған. 1944-1945 жылдары Украина майданында соғысты. 1947 жылы елге оралған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерейтойының медальдарымен марапатталған. 

 

 

Сонымен қатар облыс әкімі Б.Атамқұлов тыл ардагері Нина Лычагинаның отбасына да арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген өңір басшысы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты.

Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туылған. Оқуды бітірген соң 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал 1974-1986 жылдар ішінде облыстық меминспекциясында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Қария осы жылдардағы ерен еңбегінің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Бүгінде немересінің отбасында тұрады.

182 рет қаралды

Пікір жазу