23Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Дүйсенбі, 03 Қазан 2016 08:20

 

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының 19 ірі өндіруші кәсіпорындары Алматы қаласының ірі сауда нүктелеріне өз өнімдерін жеткізеді. Биыл әкелінген тауар 10%-ға өсіп, 32 мың тоннаны құрады.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың Алматы қаласының инвесторларымен және кәсіпкерлерімен өткен кездесуінде мәлім болды. ШҚО басшысы аймақтың инвестициялық әлеуетімен таныстырып, бизнесті қолдау шараларына тоқталды.

-Өңіраралық кооперацияның тиімді мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Шығыс  Қазақстан өзінің ресурстық әлеуеті мен тауар өндіру мүмкіндіктерінің арқасында Қазақстан облыстарының нарығына шыға алады. Алматы қаласы ШҚО үшін ірі әріптес аймақ болып табылады. Біздің мал шаруашылығы саласында әлеуетіміз жоғары. Шығыс Қазақстанның аграрлық саласы алдағы 10-15 жылда жоғары инвестициялық қызығушылыққа ие болады. Біз сіздерге 90 % суармалы жерлерді ұсынып отырмыз. Инвесторларды туристік кластер құруға шақырамыз,- деді Даниал Ахметов.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы Алматы қаласының ірі сауда нүктелеріне табиғи таза және экологиялық таза өнімдерін жеткізеді.

ШҚО кәсіпорындары Алматыға сүт және сүт өнімдерін, жартылай дайын және шұжық өнімдерін, құс етін, ұн және ұн өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, жарма, өсімдік майын, бал және бал өнімдерін, панты өнімдерін жеткізеді.

ШҚО-ның өнеркәсіп орындары Алматы қаласына автобустардан құрылыс материалдары мен киімге дейін түрлі тауар өнімдерін эскпорттайды. Тек осы жылы ғана «Daewoo BusKazakhstan» ЖШС-гі Алматы қаласына жалпы құны  1,43 млрд. теңгені құрайтын 35 Daewoo автобусы жеткізді. 

Келіссөз соңында кездесуге қатысушылар 40 тоннадан астам бал өнімі мен 27 панты өнімінің түрі саудаланған жәрмеңкеде болды.

Сапар барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Magnum Cash&Carry» гипермаркетімен танысты. Бұл гипермаркетке үнемі ШҚО өнімі әкелініп, сатылымға түседі.

141 рет қаралды

Пікір жазу