26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ИРАН ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Дүйсенбі, 03 Қазан 2016 10:15

 

 

 

 

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов инвестиция тарту мақсатында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесті.

Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды.

Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.

Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.

Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының қарым-қатынасы өзара сенім, бір-бірінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу принциптеріне, халықаралық қауіпсіздік принциптерін сақтауға негізделген және тату көршіліктің, екі тараптың саяси, экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізінде достық байланыстардың деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

150 рет қаралды

Пікір жазу