"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУШЫЛАР ТОЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 05:46

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының қатысуымен "Халықты жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттағы басым бағыт" атты тақырыппен брифинг өтті. Брифинг барысында Жорабек Нұрмергенұлы өз баяндамасымен толық таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Ж.Баубековтың хабарлауынша, халықты жұмыспен қамту саласында сонау 1991 жылы «Жұмыспен қамтуда ықпал ету» мемлекеттік қоры құрылып, осы қорға мекемелер (бюджеттен қаржыландырылатындардан басқасы) еңбекақы қорынан 3 пайыз мөлшерінде міндеті жарналар аударып тұрған болатын.

Бірақ, Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, көптеген мекемелер мен кәсіпорындардың  жұмыстарында қиыншылықтар орын алып, тиісті  жарналар қорға уақытылы аударылмады. Осының салдарынан сол кезеңдегі заңнамада көрсетілген жұмыссыздарға төленетін жәрдемақылар төленбей, берешек қарыздар жинақталып, жұмыссыздық белең ала бастады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеуде 1991 жылдан бері негізінен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары жүзеге асырылып келгенімен, олар да мәселені толық шеше алмады.

- Осы  қордаланған мәселелердің шешімі ретінде 1999 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына   өзгерістер енгізіліп, 2000 жылдан бастап жұмыссыздарға берілетін  жәрдемақы тоқталылып, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын   жұмыссыздарға  ғана атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады.

- Ал, басқа  жұмыссыздарды  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамту мақсатында облысымызда 2000 жылдың сәуір айында «2000-2002 жылдарға арналған  Жамбыл облысында жұмыссыздық  және кедейшілікпен күрес» Бағдарламасы қабылданып, жұмыспен қамту жүйесінде жоспарлы түрде іс-шаралар қолға алынды. Жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесінде  жұмысыздық деңгейі 1999 жылғы 14,6 пайыздан 2002 жылдың қорытындысы бойынша 12,3 пайызға дейін төмендеді. Жалпы 2000 жылдан 2010 жылға дейін жұмыссыздықты төмендету бойынша кезең-кезеңімен 4 Бағдарлама жүзеге асырылды. Осы жылдары 70 мың  жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, жыл сайын 15 мыңнан астам адам маусымдық жұмыстарға тартылып тұрды.

Спикердің мәлімдеуінше, 2008 жылы басталған дағдарыс кезеңінде еңбек рыногындағы жағдайды шиеленістірмеу мақсатында жүргізілген «Жол картасы» аясында 2009-2010 жылдары барлығы 497 жобаны жүзеге асыруға 15,9 млрд.теңге қарастырылып, 21545 адам жұмыспен қамтылды. Осының нәтижесінде 2009 жылы жұмыссыздық деңгейін 2008 жылғы  6,5 пайызда тұрақтандырсақ, 2010 жылы 5,7 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап пилоттық режимде жүзеге асырыла бастаған «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы халықты тұрлаулы жұмыспен қамтуда енгізілген ең басты бағдарламалардың бірі болып табылуда. Сол уақыттан бастап бағдарламаға 35397 адам тартылып, осындай атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі  бүгінгі күнге 2011 жылғы 5,5 пайыздан 4,9 пайызға  дейін төмендеді. 

- Жалпы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын қаржыландыруға 29,3 млрд. теңге қаржы қарастырылған, осы орайда  ағымдағы жылға бөлінген қаржы  (10,3 млрд. теңге) 2011 жылмен (628,5 млн. теңге) салыстырғанда  16,4 есеге артып отыр.  Бағдарлама басталғалы бері 36,4 мың адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде  тұрақты негізде 27,6 мың адам  жұмысқа орналасты.

- 2012 жылдан бастап бүгінгі кезеңге дейін бағдарламаның 1-ші бағыты аясында  878 жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде жолдар,  денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік саланың объектілері  жөндеуден өтіп, осы жобаларда құрылған  6956 жұмыс орындарының  3726-на жергілікті жұмыспен қамту орталықтарынмен азаматтар жұмысқа орналасты.

191 рет қаралды

Пікір жазу