"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНА 5087 ЖАНҰЯ ТАРТЫЛДЫ

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 06:01

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы мәлімдеді.

Ж.Баубековтың айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 5231 адам кәсіптік оқытуды бітіріп, оның ішінде 4709 адам  немесе 90,0 пайызы жұмыспен қамтылды. Ал, Республика тәуелсіздік алғалы бері әлеуметтік қолдау жүйесінде бірнеше этаптағы реформалар өткізілді. Бірінші этапта 2002 жылдан бастап әлеуметтік көмектің бірнеше түрінің орнына кедейлік шегінен төмен отбасыларына отбасы  мүшелерінің барлығын  ескере отыра, тағайындалатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

- 2006 жылдан бастап бұл төлемге табысы азық түлік себетінен төмен отбасылардың 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлене бастады.  Аталған төлемдермен қосымша табысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған азаматтарға әлеуметтік көмек беру қаралған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде табысы кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың үлесі  2001 жылдан бері  13,0  пайыздан  0,2 пайызға дейін төмендеді,  ал күн көріс деңгейінінен төмен тұрытан халықтың үлесі 2001 жылмен салыстырғанда 70,7  пайыздан  3,2 пайызға төмендеді. 

- Елбасының Жолдауына қатысты қабылданған 100 нақты қадам ұлт жоспарындағы әлеуметтік жүйесін  реформалау мақсатында, үш облыста 2014 жылдан бастап «Өрлеу»  пилоттық  бағдарлама енгізіліп, жоба аясында шартты ақшалай көмек тағайындалуда. Бағдарлама енгізілгелі бері «Өрлеу» жобасына 27985 адамнан тұратын 5087 жанұя тартылды. Жоба төңірегінде 6459 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылды.  

- Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың негізгі мақсаты -әлеуметтік көмекті әр отбасының еңбек потенциалын кеңінен қолдана отыра беру болып табылады, - деп хабарлады спикер.

163 рет қаралды

Пікір жазу