"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 16 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ МҮГЕДЕКТЕР САНЫ 5536 –І ҚҰРАЙДЫ

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 06:03

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы хабарлады.

Спикердің айтуынша, өркениетті дамудың белгілі бір кезеңіне аяқ басқан әрбір қоғам үшін өз ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау маңызды мақсат болып табылады.

«Есепті кезеңге  облыс бойынша 43546 мүгедек бар болса, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5536-і құрайды. 1991 жылдың 21 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы талаптарын жүзеге асыру мақсатында, биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық, Тараз қаласы мен аудандық  бюджеттерден бөлінген  1218,9 млн. теңгеге әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге жоспарланған 12579 адамның, бүгінгі күнге 9334 мүгедектер әлеуметтік көмекпен қамтылды (сурдо-тифло ,кресло-қорап емдеу сауықтыру, гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы мен жеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет). Тәуелсіздік алған жылдан бастап, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісі кеңейіп, стационарлық үлгідегі 2 мекеме, жартылай стационарлық 5 мекеме,     уақытша болу жағдайындағы 2 мекеме және ұй жағдайында қызмет көрсету 19 бөлімшелер ашылып, оларда  3,5 мыңнан аса өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар жыл сайын қызмет алуда.    Сонымен қатар,   соңғы жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен құрылған үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыстар жүргізу үрдіске айналып отыр, - деді спикер.

Сонымен қатар спикер өз баяндамасында, 2011 жылдан бастап  бюджеттерден бөлінген 340,2 млн.теңгеге 5334 адам әлеуметтік жобалар аясында арнаулы әлеуметтік қызметімен қамтылған. Ал, 2008 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға және факультативтік хаттамаға қол  қою туралы»  № 711 Жарлығы қабылданды.   Осыған орай, бүгінгі күнге өзекті мәселе - мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілігі салаларындағы нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.  Облыс бойынша бейімдеуге жататын 904 нысан анықталып, 2013-2018 жылдары аралығына бейімделетін нысандар іріктеліп, 2013-2015 жылдары бейімдеуге тиіс  524 нысан бейімдеуден өткізілген.

- Жалпы, бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басты міндет – осы салада қол жеткізген нәтижелерді еселей түсу, өнеркәсіп үрдістерін тұрақтандыруға ықпал етіп, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты кәсіпорындардан жұмыстан шығып қалған жұмысшыларды әлеуметтік қорғау болып табылады, - деп өз баяндамасын аяқтады Ж.Н.Баубеков.

157 рет қаралды

Пікір жазу