14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮЛКІБАСТА ДЕМАЛЫС-ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 07:09

 

 

 

 

 

Елбасы Н.Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен, дәрілік шөбі көп Кемербастау ауылында демалыс-емдеу орталығы ашылды.

Тамаша табиғат аясындағы орталықта саумал ішіп, таза ауада атқа мініп серуендеуге жағдай жасалған. Мұнда 244 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. 32 адам жаңа жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкер 52 млн қаржы жұмсаған.

Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде бүгінде бірнеше емдеу, сауықтыру орталықтары орналасып, жыл сайын сауықтыру орталықтарына келушілер саны артуда.

Ертеректе аудан территориясынан Ұлы Жібек жолы өткен. Бұл аудан Қаратау мен Талас Алатауының етегінде орналасқан. Осы таулардың баурайынан Арыс және Ақсу өзендері бастау алады. Аудан аумағын Трансазиялық бағыттағы темір жол тас жол басып өтеді.

Түлкібас ауданының ең көрікті мекендерінің бірі «Ақсу Жабағылы» қорығы. Ол 1927 жылы құрылған. Қорық өзіне тән флора және фауналарымен ерекшеленеді. «Ақсу Жабағылыда» 60-қа тарта аң-құс және 200-ден аса өсімдік түрлері өседі. Олардың ішінде арнайы қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар да бар. Мұнан бөлек, Ақбиік аулындағы Қарсат үңгірі, Машат шатқалдары, Тянь-Шань тауларының сілемдері секілді табиғат көріністері келушілерді еріксіз баурап алуда.

 

 

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

482 рет қаралды

Пікір жазу