24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО СПОРТШЫЛАРЫ 9 АЙДА 1235 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Сәрсенбі, 05 Қазан 2016 17:17

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 2016 жылдың 9 айында  түрлі спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 390 алтын, 384 күміс, 377 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 19  алтын,  15  күміс және 19  қола медальге ие болды. Ал осы мерзім аралығында оғландарымыз түрлі спорт бойынша өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 16  алтын, 8  күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Осылайша оңтүстікқазақстандық спортшылар жыл басынан бері түрлі спорт түрінен 1235 медальға қол жеткізді. Бұл Елбасының қазақстандық спортқа көрсетіліп жатқан қолдауы мен спорттың дамуына үлкен мән берілуінің арқасы деп білеміз. 

Еске салайық, соңғы  бес жылда республика аумағында қолға алынған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» жобасы шеңберінде осы жылы 3 шілде күні Астана қаласында өткен республикалық ақтық сайыста оңтүстікқазақстандық спортшы Жұманазар Ерсұлтанов «Қазақстан Барысы – 2016» сайысының  2 орын иегері атанды. Ал 2016 жылдың 5-21 аралығында XXXI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан  Жазира Жаппарқұл ІІ орынды иемденсе, дзюдодан ІІІ орынды Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алған болатын.

Бүгінде өңірде 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 713 спорт шеберіне үміткер  дайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына   411 спортшы, жастар құрамасында 415 спортшы, жасөспірімдер құрамасында  263 спортшы, жалпы 1089 спортшы бекітілген. Сондай-ақ, спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген 119 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.

Бұл Оңтүстік Қазақстан спортшыларының әлеуеті жоғары екенін көрсетсе керек.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

223 рет қаралды

Пікір жазу