"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА «ONTUSTIK TOURISM-2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 05:56

 

 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы өз жұмысын бастады. Халықаралық шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен он шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысуда.

Еліміздегі туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек Жолының жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады. Осының аясында, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Сарыағаш жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылады. Елбасымыздың 2012 жылдың 27 қаңтарында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі халыққа жолдауын жариялаған еді. Елбасымыз өз сөздерінің бірінде: «Ағымдағы дамудың ең маңызды сұрақтарының бірі болып шетелдік инвестицияның Қазақстанның экономикасына тікелей түсуін артараптандыру болып табылады. Оларды келешегі бар салаларға бағыттауға керек, мысалы, туризм саласына. Дамыған мемлекеттердің ЖІӨ-де туризм кластерінің үлесі 10 пайызды құрайды. Ал бізде бұл 1 пайыздан төмен. Жалпы мемлекеттегі туризмнің өсу нүктелерін анықтау керек, олар аз емес», - деп айтқан болатын. Бүгінде Елбасының тапсырмасы Оңтүстікте жүйелі атқарылып келеді.

205 рет қаралды

Пікір жазу