"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАБИҒИ ГАЗ БӘЙДІБЕККЕ ДЕ ЖЕТТІ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:18

 

 

 

Бәйдібектіктер дәстүрлі «Алтын күз» мерекесін еселенген қуанышпен қарсы алды. Күзгі жиын-терімді табысты аяқтаған олар табиғи газға қол жеткізді.

Талай жыл от жағып, күл шығарудың тауқыметін тартқандар жергілікті билікке алғыс жаудыруда. Елдің өркениет көшіне ілесуі – Тәуелсіздіктің арқасы, - дейді ілкі буын.

Бәйдібектің орталығы Шаян елдімекенінде бұған дейін көгілдір отын жеткізілмеген-ді. Игілікті істі азаттық тойының тартуы деп түсінген жергілікті тұрғындар енді тездетіп құжат рәсімдеп, тиісті қаражатқа үйіне газ кіргізіп алуға дайын.

«Алтын күз» мерекесінде ауданның қарыштап дамуына өзіндік үлесін қосқан сала мамандары да бір жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков оларға арнайы «Алғыс хат» табыс етті. Сондай-ақ, жылдың үздік мақсары өндірушісі, жылыжайдан өнім алушысы, мал азығын дайындаушысы белгілі болып, түрлі сыйлықтарды иемденді.  

Айтулы күні мерекелік жәрмеңке де ұйымдастырылды. Онда ет, сүт өнімдері мен бау-бақша, жеміс-жидек пен мал азығы базар нарығынан төмен бағада сатылды. Шараның әсіресе, жергілікті тұрғындар үшін тиімділігі жоғары болды.

Сонымен табиғи газды біраз жылдар бойына күткен Бәйдібектіктер енді көгілдір отынның пайдасын көрмек. Елдімекенге табиғи газ келгеннен кейін , енді мұнда түрлі тағамдар әзірлейтін цехтар да ашылып, бірқатар халық игілігіне қажетті қызмет көрсету орталықтары ашылады деп күтілуде.

212 рет қаралды

Пікір жазу