"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САУРАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАҢА МЕКТЕПКЕ КӨШЕДІ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:21

 

 

 

Саурандық 200 оқушының ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзі бал-бұл жайнамақ. Өйткені, шағын ауданның Нәзір Төреқұлов мектебінде қосымша ғимараттың құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Нысан салынып бітсе, оқушылар тар жерде сабақ оқу қиындығынан құтылады.

Түркістандағы Сауран мөлтекауданында 300-дей түтін бар. Осы маңдағы жалғыз Нәзір Төреқұлов мектебіне оқушылар сыймай, өзге мөлтекаудандарға қатынап оқуда. Межелі мерзімі таяғанда бұл мәселенің түйіні тарқамақ. Өйткені, мектеп жанынан қосымша ғимарат салынуда. Құрылыс әзірге 50 пайызға біткен. Бүгінде әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әбдіжаппар Жорабеков, құрылысшы

Есік-терезенің бәрі отандық өнімдер. Біз мына терезелерді өзімізде осындай пластикалық терезе жасайтын шағын цехымыз бар. Сол жақтан аламыз. Ал,  есіктерді Шымкент қаласынан әкеліп жатырмыз. Ал, құм, тастарды осы Түркістаннан алып жатырмыз.

Игі іске облыстық бюджеттен 240 миллион теңге қаржы бөлінген. Кеңес дәуірінің көзі саналатын мектептегі қосымша нысан құрылысын  30-ға жуық азамат жүргізіп жатыр. Олар - жергілікті жердегі жұмыспен қамту бөлімі арқылы екі қолға бір күрек тапқандар.

Сейітмұрат Сейілбеков, Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы алған жұмысшыларды. Жалақылары тәуір. Қазір құрылысты тоқтатпай жүргізіп келеді. Мерзімінен де кешікпейді.

Білім ошағының қосымша ғимараты заманауи талапқа сай. Біткен жағдайда 500 оқушы  емін-еркін білім бұлағынан нәр алмақ.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қамқорлық әрине ертеңгі ұрпақ қамы.

203 рет қаралды

Пікір жазу