20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШ – ОРТА АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛАДЫ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:28

 

 

 

 

Сарыағаш шипажайы тек Қазақстанның ғана емес, келешекте Орта Азияның да ең үлкен демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы 300-ден астам шетелдік және отандық туроператорлар қатысқан халықаралық форумда айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұл жобаға арнайы 600 гектар жер бөлінгенін айтты.

Оңтүстік Қазақстан - туризм саласын дамытуға қолайлы аймақ. Мұны шетелдік мамандар беске біледі. Айгарс Андерсон – әлемнің алпауыт 65 елінде өкілдігі бар Латвияның ең ірі туристік компаниясына басшылық етеді. Бүгін – форумның мәртебелі мейманы. Ол түстік өңірге келген бұл сапарында біздің аймақта спорттық туризмді дамытудың маңыздылығын екшеді. Сондай-ақ, миграциялық тіркеу мен туроператорларға жасалған қызмет көңілінен шыққанын айтады.

Айгарс Андерсон, Виндзем университеті табиғаттану факультетінің деканы (Латвия)

Оңтүстік Қазақстан облысында туристік ақпараттық орталықтың құрылуы біздің жұмысымызға тың серпін беруде. Біз алдағы 6 айда қай ауданнан курорттық кешен ашу мәселесімен айналысатын боламыз.

Айта кетейік, биыл «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталықтың жұмысын жандандыруға облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінген. Аталған қаржы қомақты болмағанымен, ірі жобалардың жүзеге асуына дем бермек. Мәселен, Шардара ауданында жағажай туризмін жандандыру мен Қасқасу тау-шаңғы кешенін салу ісі жүзеге аспақ. Бұған канадалық және британиялық инвесторлар қаржы құюға мүдделі.

Қазақстандағы ұлттық парктер ішінде Ақсу-Жабағылы қорығының алатын орны ерекше. Германиялық кәсіпкерлер бұл мәселені де ескерусіз қалдырмады. Табиғаты тамылжыған өңірде туристік аймақ құруға ниетті. Оңтүстіктің мақтанышына айналған мемлекеттік қорықтағы ерекше дүниелерге қызығушылық танытып отыр.

261 рет қаралды

Пікір жазу