"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ДОСТЫҒЫНА ДӘНЕКЕР ФИЛЬМ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:30

 

 

 

 

 

 

Өзбек - өз ағам. Тілі бір, діні бір, базары бір, мазары бір қазақ-өзбек арасындағы татулық ғасырларға жалғасып келеді. Екі ел арасындағы мызғымас достық тәуелсіздік алған жылдары тіптен беки түсті. Қос мемлекет арасындағы бірлікті насихаттайтын «Мәңгі достық» атты жаңа деректі фильм Сайрам алабы жұртының назарына ұсынылды. Бұл туындының жарыққа шығуына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков мұрындық болған. Ел ағасы Сайрамға арнайы келді.

Бәйтеректің қос шыбығы секілді екі ел президенттері де шынайы достықтың үлгісін өзгелерге көрсете білді. Жас мемлекеттерді аяқтан тұрғызу кезеңінде бір үйдің баласындай, тонның жағасындай болып, ағалы-інілі ізетпен бір-біріне бауырмалдық танытты. Бұл фильмде ауызбіршілік, ынтымақ айқын көрініс тапқан. Тағылымды туындының жас ұрпаққа берері мол.

Зауытбек Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы
Өзбекстан  білгенге ыстық. Қазақтың небір би, батырларының сүйегі жатыр. Төбе би Төлеби мазары - Ташкенттің төрінде. Әйтеке би Науайи облысында мәңгілік мекен тапқан. Түбі түркі қос елдің татулығы арқасында ата-бабалардың мазарлары жаңартылып, құран бағыштауға барғандарға кедергі жоқ.

Икрам Хашимжанов, облыстық Өзбек драма театрының директоры
Ел аман, жұрт тынышта кейбір мемлекеттер шекарасын бекіте алмай, берекесі қашып тұрғанда еліміз етек-жеңін жиып үлгерді. Деректі фильмде Елбасының мемлекеттің мәртебесін асыру мақсатында атқарған  ауқымды жұмыстары дәріптелген. Сонымен қатар, Қазақ туының астына біріккен ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақ үлгі етіп алынған. Бұл туындыда – тарихтың табы, Тәуелсіздіктің дастаны бар.

243 рет қаралды

Пікір жазу