16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАН СОҢЫНДА САЙЛАУ ӨТЕДІ

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:33

 

Облысымызда қазан айының соңында депутаттар сайлауы болып өтеді. Бірақ, бұл жолғы талас тек Мақтарал ауданы мен Түркістан қаласында қызбақ.

Өйткені, екі аймақта ғана депуттаттық мандаттан бір-бір орын босаған. Мырзашөлде облыстық мәслихат сайлауы өтсе, түбі бір түркі жұртының отанында қалалық мәслихаттың мүшесі анықталады.

Ай соңында өтетін сайлауға бүгінде үміткерлер анықталған. Аумақтық сайлау комиссиясы берген ақпаратқа сүйенсек, облыстық мәслихаттың депутаты атанудан алты азамат ниетті. Оның 5-уі өзін-өзі ұсынса, 1-уі - «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

№13 Түркістан қалалық мәслихатының сайлау округі бойынша 4 кандидат тіркелген. Бүгінде барлығы үміткер ретінде тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен. Ал, сайлау учаскелері саяси доданы өткізуге сақадай сай.

Әлібек Өмірәлиев, Облыстық Аумақтық Сайлау Комиссиясының Төрағасы

Қазіргі таңда аталған окрутер бойынша негізгі жүргізілетін жұмыстар атқарылып отыр. Бесінші қазаннан бастап, үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Барлық үміткерлер өздерінің сенімді өкілдерімен бірлесіп, жұмыс жүргізуде.

Айтып өту керек, үміткерлер арасында бұрын-соңды бұл қызмете болған азаматтар мен енді ғана жоғары оқу орнын бітірген жастар да, белгілі бизнесмендер де бар. Бұл бәсекеде кімнің бағы жанып, бәсі басым болатыны уақыт еншісінде.

265 рет қаралды

Пікір жазу