26Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

Бейсенбі, 06 Қазан 2016 06:35

 

 

Кентау қаласы биылғы жылу маусымына 100 пайыз дайын. Қала тұрғындарына жылу қаңтардың 1-інен бастап, беріледі. Кеншілер қаласындағы 326 көпқабатты және 2010 жеке тұрғынүй, бюджеттік мекемелер де жылумен толық қамтамасыз етілетін болады.

Қала тұрғындарын қыстың қаһарынан қорғайтын қондырғылар тегіс жөндеуден өтті. Қазандықтар ақаусыз жұмыс істеуге әзір. Қысыммен шаю жұмыстары жүргізіліп бітті. Тіпті, жоспарланған отын да қоймада тұр»-дейді, коммуналдық мекеме басшысы Әшірхан Төлеу.

Әшірхан Төлеу, «Кентау-Сервис» МКК-ның бас директоры

Бүгінгі күні 2 айлық көмірге 25 334 тонна келісім-шарт жасап қойғанбыз. Қазір 12 мың тонна отын қоймамызға түсті. Алдағы күндері қалғанын алып келеді.   Жалпы, Кентау қаласы жылу маусымына 100% дайын.

80 жылдан астам тарихы бар 5-ші ТЭЦ-те  жалпы саны 6 қазандық бар. Оның біреуіне биыл, облыстық бюджеттен 37 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілген. Қалған бес қазандық мекеме тарапынан қайта жаңғыртылып, қыста қиналмаудың қамы жасалған.

Серік Әлібеков, «Кентау-Сервис» МКК директорының орынбасары 

Ақша төлеу жөнінде бізде аздаған қиыншылықтар туындап жатыр. Себебі, көп пәтерлердің есіктері жабық. Біз ол үй иелерін іздеп, тауып жатырмыз. Енді сот арқылы барлық қарызды өндіріп аламыз. Халыққа менің айтарым, уақытылы төлеп тұрса, өзіне де жақсы.

Қолайлы жағдай – қоғамнан. Қыс ауасында қиындықты да әркім өзіне өзі тудырады.  Сондықтан, тұтынушының «қарызым барда - наным бар» демей, берешегінен уақтылы құтылуы - өзіне пайда. Заң - баршаға ортақ. Соттың араласуын күтпеңіз!

140 рет қаралды

Пікір жазу