"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘЖІК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жұма, 07 Қазан 2016 07:40

 

 

 

Сарыағаш ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында тәжік этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті. 

Іс-шарада Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов барша қатысушыларды құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акабай Құдайқұлов  Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді.

Салтанатты  жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 35 мыңнан астам тәжік этносының өкілдері тұрады.  Облыста 1995 жылы ашылған тәжік этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді.

30-шы жылдардың басында қазақ жеріне қоныс аударған олар қазір Қазақстанды Отаны санайды. Қазақ жерінде салт-дәстүрін сақтап қана қоймай, кәсіптерін дөңгелетіп отырған бауырлас ұлт өкілдері: «Елдегі береке мен ынтымақ   Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасы», - дейді. Қазақстанға тәжіктер 1934 жылдары Өзбекстан мен Тәжікстаннан көшіп келді. Бүгінде олардың  ұрпағы бірнеше буынға жаңарды. Бірақ өздерінің салт дәстүрінен, тілінен, тіпті ата кәсібінен айырылған жоқ. Жер игеріп, берекелі ғұмыр кешуде. Мәселен, қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал,

Сарағаш аудандарының 90 пайыз жерін тәжік диқандары кәдеге жаратып отыр.

229 рет қаралды

Пікір жазу