24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН «ЭКСПО-2017» КӨРМЕ ҚОНАҚТАРЫ ҮШІН ЕРЕКШЕ ТУРИСТІК ӨНІМ РЕТІНДЕ ЖАРНАМАЛАНУДА

Жұма, 07 Қазан 2016 08:38

 

 

Бұл туралы «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев айтты.

Оның айтуынша, 2014 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысына сәйкес, «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне» мүше елдер арасында (Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан) «Жібек жолы бойынша бірыңғай туристік маршрут» әзірленіп, аталған бағыттарға Түркістан қаласының туристік нысандары да енгізілген.

Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме қонақтары үшін Оңтүстік Қазақстан облысы ерекше туристік аймақ ретінде жарнамаланып жатқанын жеткізді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туризм саласын жаңа қалыпта дамыту жөнінде сөз қозғаған департамент директоры Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени туризм және турне бағыттарында жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойына қоғамдық нысандар салу бойынша жасалған талдау нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына жергілікті жердің тарихи мұрасымен байланысты 3 қызмет көрсету нысанын салу ұсынылып жатқанын хабарлады.

Жиында сөзін қорытындылаған Марат Игалиев Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолының жүрегі ретінде дамытуды позициялау мақсатында ұйымдастырылған шара туристтік әлеуеттің артуына және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға серпіліс беретінін атап өтті.

223 рет қаралды

Пікір жазу