"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДАҒЫ ЖАҢА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА БЕЛЬГИЯЛЫҚТАР ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Жұма, 07 Қазан 2016 08:48

 

 

Өткен сенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ірі бельгиялық «WILLEMEN Groep NV компаниясының президенті Йохан Виллені және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.

Келіссөздер барысында өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталықтың құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл жобаның инвестициялық көлемі 250 млн. еуро.

Онкологиялық орталықтың қуаттылығы 350 орындық. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында, бельгиялық іскерлер Сарыағаш-Мақтарал автожолының құрылысы және Шымкент әуежайы терминалын жаңғырту құрылысы жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында, өңіріміздің басшысы жобаларды әрі қарай іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

«WILLEMEN Groep NV» - Бельгияда көптеген жылдар бойы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, автожолдардың және медициналық нысандардың құрылысымен айналысқан компания болып табылады.

Елбасының 30 қараша күнгі Жолдауында айтылған ең маңызды мәселелердің бірі - елімізге инвестиция тарту болды. Онда Мемлекет басшысы алдағы он жылда 100 млрд доллар инвестиция тартылу керектігін айтып, 660 мыңнан астам адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мәселесі алға қойылған ең негізгі мақсаттардың бірі деген болатын.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

183 рет қаралды

Пікір жазу