"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ САРАЛАНДЫ

Жұма, 07 Қазан 2016 08:53

 

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған айтулы шара Шардара ауданындағы Ақшеңгелді ауылдық округінде ұйымдастырылды. «Бақ қонған, құт дарыған-ауылым» тақырыбымен өткен мерекелік кеште ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі қойылды.

Мерекелік шара ауыл жастарының флеш-мобымен басталды. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, тұрғындарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бұдан соң аудан басшылығы ауыл шаруашылығы көрмесін аралады. Ақшеңгелді ауылы - малшылық пен диханшылықты қатар игеріп келе жатқан берекелі жер. Ауыл дихандары өнімнің түр-түрін егумен айналысып, нәпақасын Жер-анадан айырып келеді.

Бұл күні шаруа қожалықтарының тасы өрге домалады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің 25 түрін көрмеге қойды. Базар нарығынан арзан бағада азық-түлік сатып алғанына жергілікті жұрт разы. Бұл күні еткен еңбек пен төккен тер де өтеусіз қалған жоқ. Еңбек екпінділері арнайы алғыс хаттарға ие болды. Бұдан кейін Арман Абдуллаев біраз жылдан бері төсек тартып жатқан Мырзахмет Қасымовтың шаңырағына ат басын бұрды. Тәуелсіздік тұғырын бекем етуге ат  салысқан азамат қиын жылдары ел басқарған. Ауыл әкімі болған. Арман Абдуллаев қарияның көңілін сұрап, мерекемен құттықтады. Құр алақан келген жоқ. Азық-түлік себетін тарту етті.

Мерекелік шара ауыл ақсақалдарының дөңгелек үстел мәжілісіне ұласты. Жиын барысында ауылдың тыныс-тіршілігі, береке-бірлігі жөнінде келелі әңгімелер айтылды. Мәйекті деп елдік мәселелер танылды.

218 рет қаралды

Пікір жазу