"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТҚАН

Сенбі, 08 Қазан 2016 09:44

 

 

 

ОҚО Қазығұрт ауданында құрылыс қарқыны артқан. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, биыл 6 мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұл мақсатта ұлттық қордан 2 млрд. теңгеден астам қаражат қаралып, 2017 жылға өтпелі 3 мектептің және «Болашақ» мөлтекауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 100 орынға лайықталған мектеп құрылысы басталып кетті.

Елімізде білім және ғылым саласын дамытуға жыл сайын ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бұл мақсатта Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылында Махамбет Өтеміс атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы басталды. Бұған дейін білім ұясы аудан аумағында апатты жағдайдағы мектептің бірі болатын. Қазір барлық жұмыс тиісті деңгейде.

Үмбет Әуелбеков, учаске бастығы

Қазығұрт ауданы Шарапхана елдімекенінде жүргізіліп жатқан 300 орындық мектеп құрылысы маусым айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жерде 100-ден астам адам жұмыс атқарып жатыр. Техникалық, құрылыс материалдары түгел жеткілікті. Мектеп құрылысын келесі жылы маусым айында өткіземіз деген жоспарымыз бар.

Отбасы игілігі жолында адал еңбек етіп жүргендердің бірі – Айтбек Мараев. Бұған дейін құрылысшы Астана, Алматы қалаларында осы кәсібінің нәсібін көріп келді. Ауылдағы мектептің бірінде құрылыс басталғанын естіп, «үй-жайыма жақын болсам» деген оймен осы іске тартылды.

Айтбек Мараев, құрылысшы

Мектеп құрылысының бастамасы ауылға жақсы болды. Ауыл жастары осында жұмыспен қамтылды. «Шаңырақ» құрылыс фирмасына рахмет! Жалақымызды ай сайын беріп жатыр. Бұрын басқа қалаларда жұмыс істейтін едім. Енді міне, ауылда, өз отбасымның жанында еңбек етіп жүрмін. Бұл мектеп  ауыл балалары үшін жақсы болды. Енді, олар мұнда толыққанды білім алатын болады.

Өз кезегінде ауданның бас сәулетшісі Тәйбек Қалымбетов жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасына бақылау күшейтілгенін жеткізді.
Тәйбек Қалымбетов, Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Қазығұрт ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4 мектептің құрылысына 2,400 млн.-нан астам қаржы бөлінген. Біреуі осы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Шарапхана және Қызылқия ауылдарында 300 орынға лайықталған мектеп құрылысы басталып кетті. Алтынтөбе ауылдық округінде мектеп құрылысы жақсы жүргізілді. Сондай-ақ, 200 орындық Тұрбат ауылында мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы пайдалануға берілетін болады.
Тәуелсіздік жылдары 25 мектеп салынған

Айту керек, Тәуелсіздік жылдары аудан көлемінде 25 білім ошағы, 31 денсаулық, 11 мектепке дейінгі мекеме бой тіктеген. Сәніне сәулеті жарасқан зәулім ғимараттар жыл санап, көбеюде.

147 рет қаралды

Пікір жазу