"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛДА ЖАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҒЫ БЕЛСЕНДІ...

Жексенбі, 09 Қазан 2016 10:46

 

Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде “Еңбек жастары – ел болашағы” атты тақырыпта брифинг өтті. Брифинг  “Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы” жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Меклисов Қайрат Меклисұлының қатысуымен болды.  Қайрат Меклисұлы  “Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы” жастар қоғамдық бірлестігі туралы өз баяндамасында толық мәлімет берді.

Оның сөзіне сүйенсек, “Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы” жастар қоғамдық бірлестігі  үстіміздегі жылдың шілде айында өз жұмысын бастаған. Жұмысқа тартылған жалпы адам саны 93 адам. Тараз қаласы бойынша 40 адам 4 құрылыс нысандарында жұмыс істеді. “Арай” массивінде жаңа соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйінде 9 адам, “Кирпичник” аймағындағы соғылып жатқан мектепте 10 адам, “Құмшағал” аймағындағы мектепте 11 адам және 4 мөлтек ауданындағы балабақшада 10 адам жұмыс істеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамтамасыз еткен мекемелерге тоқтала кететін болсақ, “Ornau construction” ЖШС, “Сапар консалтинг” ЖШС, “Агроспецстрой” ЖШС, “НИК-Тараз” ЖШС, “АрайСтройМаркет” ЖШС, “Тараз құрылыс Инвест” ЖШС – 2 құрылыс нысандары, – деп мәлімдеді спикер.

Спикердің айтуынша, шілде айында көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 22 шілде күні “Жеңіс” саябағында еңбек маусымының ашулы рәсімі өтті.

Аталмыш іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері (93 адам), мердігер компанияларының өкілдері (7 компания), Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара біткен соң барлық қатысушылар автобусқа отырып құрылыс нысандарына жөнетілді. Сонымен қатар, спикер шілде айында өткен басқа іс-шаралармен толық таныстырып өтті.

– Тамыз айында да біраз іс-шаралар өтті. Солардың бірі, 30 тамыз күні Тараз қаласы, Т.Рысқұлов атындағы саябығында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен “Жамбыл облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Конституция күніне орай “Ата заң –  еліміздің еңсесі” атты акция өткізілді. Аталмыш іс-шараға қаламыздың белсенді жастары қатысты. Қатысушыларға  қызықты ойындармен концерттік бағдарлама ұсынылды және Конституция туралы ақпараттар берілді. Акцияға белсенді қатысқан қонақтар сыйлықтар алды, – деді Қайрат Меклисұлы.

-Алдағы уақытта Тараз қаласында 2 сенбілік өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 15 минуттық фильм түсіру және қысқаша видео ролик түсіріп жергілікті телеарналарда көрсетуді жоспарлап отырмыз. Содан соң қазан айында дәстүрлі түрде еңбек маусымының жабылуын салтанатты түрде өткізіп үздіктерді  марапаттаймыз, – деп өз сөзін түйіндеді Қайрат Меклисов.

163 рет қаралды

Пікір жазу