25Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-НЫҢ АСТАНАДАҒЫ КӨРМЕСІ

Сенбі, 08 Қазан 2016 10:55

 

Астана қаласындағы ШҚО күндері аясында өтіп жатқан «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде елдордалықтар арзан бағаға азық-түлік алып жатыр.

«Хан Шатыр» сауда–ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда өтіп жатқан жәрмеңкеге шығысқазақстандықтар 300 тоннаға жуық өнім әкелген. Астаналықтар әсіресе панты, бал және қымыз өнімдерін көптеп сатып алуда. 

 

 

Атап айтсақ, 42 тонна жылқы, 8 тонна құс еті, 10 тонна сүт өнімдері, 7 тонна шұжық және консерві өнімдері, 30 тонна бал, 10 тонна өсімдік майы, 6 тонна қарамұқ пен осынша тонна қымыз, 8 тонна ұлттық тағамдар, 107 тонна картоп пен көкөністер, 55 тонна бақша дақылдары, 11 тонна балық, 2 тонна панты өнімдері мен балқарағай жаңғақтары сатылымға қойылды.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметов келді.

Қала тұрғыны Ардақ Жимбекованың айтуынша, Астанада жәрмеңкелердің көптеп ұйымдастырылуы қалалықтар үшін маңызды шара.

– Шығыс Қазақстан облысының сапалы және экологиялық таза өнімдері жайлы жақсы білеміз. Сондықтан бүгінгі жәрмеңкеге келіп, өнімдерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алудамыз, – деді Ардақ Жимбекова.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Ә. Қашаубаев атындағы облыстық филармония ұжымы келушілерге мәдени концерттік бағдарламасымен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

                                               Астаналықтар ШҚО суретшілерінің туындыларымен танысты

 



         Астанадағы ШҚО күндері аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде облыс суретшілерінің қылқаламынан шыққан туындылардың «Уақыт портреттеріне штрихтер» атты сурет көрмесі өтті. Аймақтың табиғаты мен тынысы жайлы ғана емес, суретшінің ішкі әлемі жайлы баяндайтын туындылар елорда тұрғындарын тәнті етті.
     Сурет көрмесіне жалпы 35 суретшінің шығармалары қойылған. Суреттер арасынан Оралхан Бөкейдің отаны Катонқарағай мен Кенді Алтайдың табиғаты жайлы туындыларды да кездестіруге болады.

      Көрмеде болып қайтқан ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, «Уақыт портреттеріне штрихтер» суреттер көрмесі елордалықтарды тамсандырып қана қоймай, Астана мен Шығыс Қазақстанның шығармашылық әлемін жақындастыра түспек.

   Сондай-ақ, аталған музейде «Үлкен жол кезеңдері» атты фото көрме өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған көрмеге тек облыстың табиғаты жайлы ғана емес, сонымен қатар даму кезеңдерін баяндайтын суреттер қойылған

143 рет қаралды

Пікір жазу