24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ТҮРКІСТАН» МАҚТА СҰРЫБЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Сейсенбі, 11 Қазан 2016 11:06

 

 

 

Мұндай жаңалық Түркістанда дәстүрлі түрде өтетін «Ақ керуен» мақта терімі шарасы кезінде айтылып, жұртшылыққа таныстырылды. Осылайша, Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға келген қатысушылар, алдымен, мақта алқаптарын аралаудан бастады.

 

 

 

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Айта кетейік, түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, Түркістанда өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған.

МӘЛІМЕТКЕ:

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның ең шеткері оңтүстік облысы болып табылады.Оған өткір континентік климат тән, бұл облыстың мұхиттардан алыс орналасуына байланысты. Бұл өңірдің қысы жұмсақ, жазы өте ұзақ болуымен ерекшеленеді. Аясыз мерзім ұзақтығы 140 күннен 210 күнге дейін жетеді. Орташа тәулік температурасы 23 градустан жоғары ыстық кезеңнің ұзақтығы 4 айдан көпке созылмайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді салыстыра келгенде, өсімдік шаруашылығында ең үлкен үлестің пайызы мақтаға келеді. Бұл өңірдегі халық мақта өсіруге дағдыландықтан, ауыл шаруашылығымен шұғылданатын ауылдардың барлығы мақта өсірумен айналасады. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мақталық егістік аймақтарды ұлғайту жүргізілді.

 

 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

263 рет қаралды

Пікір жазу