19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Сәрсенбі, 12 Қазан 2016 17:01

 

Шымкенттегі «Түркістан сарайы» салтанат сарайының жанынан  айтыскер ақындар орталығы ашылды. Орталықтың жұмысын бастауына орай, республикаға танымал оңтүстіктің бетке ұстар ақындары Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбай, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов және өзге де өнер иелері  дөңгелек үстел басында бас қосты.

Ақындық өнердің ұмыт бола бастаған түрлерін жандандырып, жас ақындарды анықтау, олардың өлеңдерін насихаттау және шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың алдағы міндеттері жайлы сөз бастаған «Түркістан» сарайының директоры К.Айдарбекова жас ақындардың сөз саптауын, әдебиетіміз бен тарихымызды терең зерттеп, ел алдында ашық ойын айта білетін деңгейге жеткізу қажеттігін түсіндірді. 

Ақындар - Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай «Түркістан» сарайында  ақындар айтысын ұйымдастыруды және сол айтысқа ақындар орталығында  дайындық жұмыстарының  жүргізетінін айтты. 

Демек, оңтүстік өңірдің айтыскер ақындары үшін бұл Ел Тәуелсіздігі қарсаңындағы тағы бір үлкен тарту болды. Енді ақындар бас қосатын өз шаңырағы бар. Халық ақындары өз ойларын ортаға салатын орталыққа тек сәттілік тілейміз!

678 рет қаралды

Пікір жазу